Новости Сентрас

31 января 2020
«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқарушы компаниясының
баспасөз релизі ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫ:  ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ Алматы  қ.   30 қаңтар, 2020 жыл
Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорларының  нарығына шолу


      Инвестициялық пай қорлары нарығының тарихы Инвестициялық қорлар туралы Заң қабылданған 2005 жылдан бастау алады. Сол кезеңде  инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясына ие небәрі 14 компания бар еді. «Сентрас Секьюритиз» АҚ 2005 жылдың қаңтарында алғашқылардың бірі болып өзінің «Қазынашылық» ашық инвестициялық пай қоры (ИПҚ) мен «Сентрас – Жаһандық Нарықтар» инвестициялық пай қорын (ИПҚ) тіркеген болатын. Міне, бүгінгі баспасөз конференциямыздың ресми ақпараттық себебі де осы мәселе – біздің  ИПҚ-ларымыздың 15 жылдығы болып табылады.

        Осы уақыт ішінде инвестициялық қызметтер нарығы қарқынды өсімге де, құлдырауға да  ұшырады. Мәселен, 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысына дейін тіркелген ИПҚ-лар саны 219-ға дейін (25 ашық, 29 аралық және 165 жабық) және бұған қосымша 50 акционерлік инвестициялық қорға дейін өсті, пайшылар саны 3548 адамға дейін көбейді, ал, активтердің сомасы 2008 жылғы 1 сәуірде 230,7 млрд.теңгеге жетсе, басқарушы компаниялар саны 68-ге дейін артты.

         Содан кейінгі орын алған  бірқатар дағдарыстар нәтижесінде ИПҚ-лар саны 2018 жылы 24-ке дейін айтарлықтай төмендеді, пайшылардың ең аз саны 2015 жылы 573 көрсеткішін көрсетті, ал басқарушы компаниялардың саны бүгінгі жағдай бойынша 20-ға дейін қысқарды. Нәтижесінде инвестициялық нарық кәсіби сараптамадан айырылды. Біздің зерделеуімізше, қор нарығындағы инвестициялық талдаушылардың саны бүгінде 70 адамға дейін қысқарған.Тиісінше, біз бүгін сапалы талдаудың және ағымдағы қаржы трендтері туралы кәсіби сараптамалық пікірдің тапшылығын көріп отырмыз.

          Қазір Қазақстанда ұжымдық инвестициялау индустриясының «ренессансы» байқалады. Соңғы жылы қолданыстағы пайлар шығарылымдарының саны 24-тен 36-ға дейін өсті. Пайшылардың саны 1000-ға жақындады.

Сентрас ИПҚ-ларына – 15 жыл

Осы ретте, 15 жылдан бері қолданыста болып келе жатқан «Сентрас Секьюритиз АҚ-ның басқаруындағы инвестициялық пай қорларының активтерін басқару нәтижелерінің аралық қорытындыларына шолу жасағымыз келеді.

      «Қазынашылық» ашық қорының қызмет істей бастағаннан бергі табысы теңгеге шаққанда  жылына 53,5%-ды  немесе АҚШ долларымен жылына 13,7% - ды құрады. 2019 жылы «Қазынашылық» өзінің пайшыларына теңгемен шаққанда жылына 25,8% немесе АҚШ долларына шаққанда жылына 26,2% табыс әкелді. Бастапқыда депозиттерге балама ретінде құрылған «Қазынашылық» АИПҚ өз салымшыларының үміттерін ақтады деп айтуға болады.

      Өз кезегінде «Сентрас – Жаһандық нарықтар» қорының қолданысқа енгізілгелі бергі табыстылығы, теңгеге шаққанда жылына 43,5% - ды немесе АҚШ долларына шаққанда жылына 10,3% - ды құрады. Ал, 2019 жылы «Сентрас – Жаһандық нарықтар» өзінің пайшыларына теңгемен жылына 39,3% немесе АҚШ долларымен жылына 39,7% кіріс әкелді. «Сентрас – Жаһандық нарықтар» қорына бенчмарк ретінде біз MSCIWorld индексін таңдадық, бұл бағдарда да біз алдыңғы қатарға шықтық.

     Бүгінгі күні қызметін жүргізе бастағанына 11 жыл толған біздің «Еурооблигациялар Қорының» табысы да жақсы. Қызметін бастағалы бері оның кірісі теңгеге шаққанда жылына 43,7%-ды немесе АҚШ долларына шаққанда жылына 7,2%-ды көрсетіп отыр. 2019 жылы «Еурооблигациялар Қоры» өз пайшыларына теңгемен шаққанда жылына 18,2% немесе АҚШ долларына шаққанда жылына 18,6% пайда әкелді. «Еурооблигациялар Қоры» қоры үшін бенчмарк ретінде JP Morgan EMBonds индексі белгіленді, ол 2019 жылы біздің қордан 320 базистік пунктке асып түсті.

Қор/Бенчмарк

2019 жыл

 3 жыл

 5 жыл

 10 жыл

Қызметін бастағалы бері

>>Қазынашылық

25.8%

18.8%

37.9%

35.1%

53.5%

Депозит 1-5 жыл

10.6%

13.6%

14.3%

17.1%

24.7%

>>Жаһандық нарық

39.3%

18.6%

40.3%

26.2%

43.5%

индекс MSCI World

25.9%

13.4%

26.5%

30.5%

38.8%

Еурооблигация Қоры

18.2%

14.8%

37.1%

37.8%

43.7%

 JPEIGLBL Index

15.0%

12.3%

36.1%

38.9%

44.5%

 

       Өткен жылдар ішінде Қазақстандық қор нарығы күшті өзгерістерге ұшырады. 2008-2009 жылдардағы дағдарысқа дейін КАЅЕ индексінің өкілдік тізіміне «БТА Банк», «Қазкоммерцбанк», ENRC корпорациясы (қазіргі ERG Group), «ҚМГ Барлау-Өндіру» компанияларының акциялары енген еді. Уақыт сынының тексерісінен «Халық банкінің», «Қазақтелекомның», Kaz Minerals PLC-тің және «БанкЦентрКредит»-тің құнды қағаздары мүдірмей өтті. ІРО компаниялар негізінен 2007 жылы пайда болды және бүгінгі күні олардың нәтижелер мынандай:

  • «Халық банк» акциялары     – 2007 жылдан бастап +81% немесе  жылдық + 6,28% ;
  • «Қазақтелеком»  акциялары – 2007 жылдан бастап– 23% немесе  жылдық –1,8% ;
  • KazMineralsPLC акциялары  – 2007 жылдан бастап –50% немесе жылдық  –3,9%

    Біздің пайларымыздың нәтижелерін ҚР «көгілдір фишкалармен» салыстырсақ, бұл жерде де олардың табысты болғанын атап өтуге болады. Бұл, қатардағы инвестордың жекелеген корпоративтік сәтсіздіктердің тәуекелдерін болдырмау үшін, KASE индексіне ETF-ті сатып алғанымен, кең нарыққа қаржы құю мүмкіндігінің болмауына байланысты өте маңызды деп білеміз.

Инвестициялық қызметтер нарығының даму болашағы

     Бүгінде профильді мемлекеттік мекемелерде зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға басқаруға беру тетігі әзірленуде. Тиісінше, компаниялар БЖЗҚ салымшыларының тәуекелдері мен кірістерін әртараптандыру үшін өз тәжірибелерін пайдалану мүмкіндігіне үміттенеді. Біз болжап отырғанымыздай, зейнетақы активтерін басқаруға жеке басқарушы компанияларды тарту Қазақстанның қор нарығын дамытуға оңтайлы мүмкіндік береді және қор нарығының өтімділігін едәуір арттырады.

       Өсімнің ендігі бір әлеуетті драйвері тұрғындардың әсіресе валютамен номинацияланған инвестициялық өнімдерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. ҚР банктеріндегі валюталық салымдар бойынша төмен мөлшерлемелер жинақтаушы азаматтарды өз ақшасының сатып алу қабілетін сақтау үшін қаржысын баламалы құралдарға салуға мәжбүр етеді. Сондықтан ел нарығындағы ИПҚ-лардың жоғары табыстылығы қызығушылықты көбірек туғызып отыр.

       ҚР қор нарығы субъектілеріне қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің алдағы ұстанымына ерекше назар аударылып отыр. Соңғы жылдары нарықтың дамуындағы оң ілгерілеулер, егер оларды сақтықпен ынталандыру саясатын ұстансақ, өсім мен табысқа жеткізуі мүмкін.

    Қосымша ақпарат алу үшін Айгүл Мұратоваға хабарласуға болады: 8 7017 403 008.