08.12.2025
8 желтоқсан 2025
"Сентрас Секьюритиз" АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қордың пай номиналы валютасының теңгеден АҚШ долларына өзгеруіне байланысты "Сентрас Секьюритиз" АҚ ұсынған "Еурооблигациялар қоры" Инвестициялық аралық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келіскенін хабарлайды. «Еурооблигациялар қоры» ИАПҚ ережелері жаңа редакцияда 2026 жылғы 09 қаңтардан бастап күшіне енеді.