Сенімгерлік басқару

Инвестициялардың тиімділігі тәуекелмен өлшенген кірістен тыс анықталады

Қазіргі уақытта «Сентрас Секьюритиз» АҚ мамандары клиенттерге арналған активтерді басқару жөніндегі арнайы бағдарламаларды әзірлеп қойды. Қоржындық менеджерлер нарықтағы білікті және кәсіби мамандар болып табылады, өйткені олардың үлкен тәжірибесі бар және беделі жақсы.

Активтерді басқару жөніндегі негізгі қызмет түрлері:

  • инвестициялық стратегияны клиенттің талаптары мен тілектеріне сәйкес әзірлеу (кірістілік, тәуекел, мерзім және т. б.);
    эталондық портфельді құру (Benchmark);
  • портфельді қалыптастыру;
  • портфельді бақылау және талдау;
  • есептілік.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның инвестициялық стратегиялары

Консервативті стратегия

Данная стратегия предполагает формирование портфеля инвестиций в инструменты с высокой степенью надежности и сохранением высокого уровня ликвидности. Бұл стратегия инвестициялар портфелін сенімділік деңгейі жоғары және жоғары өтімділік деңгейі сақталған құралдарға қалыптастыруды пайымдайды.

Бейтарап стратегия

Бұл стратегия тәуекел мен өтімділік деңгейі орташа, бірақ үлкен кіріске қол жеткізу мүмкіндігін беретін құралдардан портфель қалыптастыруды пайымдайды.

Агрессивті стратегия

Бұл стратегия тәуекел деңгейі артқан, бірақ кіріс деңгейі жоғары құралдарға инвестиция салуға жол береді.

Кеңестер және оқыту

Сәтті және табысты ынтымақтастық үшін «Сентрас Секьюритиз» АҚ өзінің клиенттеріне активтерді басқару жөнінде оқыту және кеңес беру бағдарламаларын ұсынады. Компания аналитикалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді және семинарлар мен тренингтер өткізеді. Клиенттердің қалауына қарай тренингтер клиенттің уәкілетті тұлғаларына арнап тікелей компанияның ақпараттық-сауда жүйелерінде ұйымдастырыла алады.

Кеңес алу
Біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана-қуана жауап береміз
Аты *
Телефон *
Хабарлама ...