25.02.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Сентрас Секьюритиз» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Манас көш., 32А үй, орналасқан «Сентрас Секьюритиз» АҚ Қоғам Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 25 ақпандағы №б/н хаттамасына сәйкес шақырылатын Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыс 2026 жылғы 26 наурызда сағат 11:00-де өтеді.
Жиналыс келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Манас көш., 32А үй, 201-кеңсе.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 26 наурызда сағат 10:30-да басталады.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 01 наурызда жасалады.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту және 2025 жылға арналған аудиторлық есепті қарау.
2. «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның 2025 жылға арналған таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу/төлемеу туралы шешім қабылдау.
3. «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
4. «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның мүдделілік бар мәмілелерді жасасуы туралы.
5. «Сентрас Секьюритиз» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Манас көш., 32А үй мекенжайы бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта танысуға болады.
Кворум болмаған жағдайда, қайталама жиналыс 2026 жылғы 27 наурызда сағат 11:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес және онда белгіленген тәртіппен өткізіледі. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша күндізгі дауыс беру арқылы қабылданады.